Алматы маңындағы тосқауыл-бекеттердің жұмысы қорытындыланды

Алматы облысының полициясы Алматы маңындағы тосқауыл-бекеттердің жұмысын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 31 мамырда №13 қаулысына сәйкес, 31 мамыр сағат 24.00-ден бастап Алматы маңындағы барлық санитарлық және блок-бекеттер өз жұмысын тоқтатты. – Алматы облысы аумағында ТЖ режимі енгізілген сәттен бастап барлығы 31 бекет жұмыс істеді, оған тәулік бойы қызмет ететін 300-ге жуық қызметкер мен 49 автокөлік жұмылдырылды. Карантиннің барлық кезеңінде кезекші құқық қорғау органдарының атқарған жұмыс көлемін толыққанды бағалау мүмкін емес. Мәселен, 18 наурыздан 1 маусымға дейін 592 194 көлік құралы тексеруден өткен. Алматы қаласынан облыс аумағына кіруге 894 893 адамы бар 529 129 бірлік автокөлікке рұқсат берілді, ал жүргізушілері мен жолаушылары бар 65 194 автокөлікке кіруге рұқсат берілмеді»,-деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаменті басшысының орынбасары Данияр Мендебаев.

Қазір оқып жатыр

Марихуана тартып, айыппұл арқалаған қазақстандық Конституциялық сотқа жүгінді

Қазақстандық шенеуніктердің Эпштейн ісіне қатысы бар-жоғы әлі тексеріліп жатыр

Қарағанды облысында 13 жастағы бала іздестіріліп жатыр

Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды