Алматы маңындағы Aport Mall-да жарылғыш зат ізделіп жатыр

Алматы облысындағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріне бомба қойылды деген ақпарат тарады. Полиция департаменті жағдайға түсінік берді.

Алматы, NEGE. "Aport-қа бомба қойылды деп жатыр, адамдар эвакуацияланды", - дейді куәгерлер.

Алматы облыстық полиция департаменті өкілдері жағдайға түсінік берді.

"23 сәуірде шамамен сағат 10.00-де Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Aport сауда және ойын-сауық орталығының аумағында жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түсті. Қазір барлық шұғыл қызмет тексеру және іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Аумақ қоршалып, орталықтың қызметкерлері мен келушілері қауіпсіз жерге көшірілді", - деп хабарлады ПД өкілдері.

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде де мина қойылды деген ақпарат тараған.