Алматы маңында жер сілкінісі болды

19 қыркүйекте таңертең Алматы облысының аумағында жер сілкінісі болды.

Алматы, NEGE.  "2021 жылдың 19 қыркүйегінде Алматы уақытымен сағат 9.01-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 187 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан", - делінген Қазақстанның сейсмологиялық қызметінің сайтында.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.1. Тереңдігі 15 шақырым.

Дүмпулер қанша балға сезілгені туралы мәлімет жоқ.