Алматы маңында жер сілкінді
23 қаңтар күні Білім және ғылым министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Алматы, NEGE. Жер дүмпуі Алматы уақытымен 16 сағат 01 минут 45 секундта тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 9,9 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8.0, магнитудасы - 3,1. Тереңдігі - 10 шақырым.