Алматы маңында тау бөктерінен өрт шықты
Алматы маңындағы тау бөктерінде қураған ағаштар өртеніп жатыр, деп хабарлайды Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. ТЖД мәлеметінше, 5 қыркүйекте сағат 16:05-те Медеу ауданындағы Думан ықшамауданы, Аман Бөктер көшесі 46-үй маңында қураған ағаштар өртеніп жатқаны анықталған. Өрт сөндіру бригадасы дереу оқиға орнына барды.
"Оқиға орнына жеке құрамнан 25 адам, 5 техника, табиғи өртті сөндіру жөніндегі жиынтық жасақ қосымша жіберілді. Солтүстік жағынан өрт ошағының жеке секторға өту қаупі туындады. Оларды оқшаулау үшін өрт оқпандары берілді", - деді ТЖД өкілі.