Алматы маңында әскери ұшақтың құлағаны белгілі болды
Алматы әуежайының баспасөз қызметінің мәліметінше, әскери ұшақ құлаған.
Алматы, NEGE. "Алдын ала ақпарат бойынша, Алматыда қону кезінде ҰҚК-ның "Нұр-Сұлтан-Алматы" бағыты бойынша ұшып келген АН-26 әскери ұшағы құлады. Бортта 6 адам болған.
Қаза болғандар туралы ақпарат жоқ. Сағат 17:20 шамасында байланыс үзілді. Бірден дабыл жарияланды. Біздің барлық қызмет сол жерге аттанды. Ұшақ жолаққа жетпестен құлап түсті", - деді баспасөз қызметіндегілер.