Алматы көшелері қашан жарқырап тұрады?
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тұрғындармен кездесуі емін-еркін форматта өтті. Яғни, көбінесе көпшіліктің көкейіндегі сауалын қоюына мүмкіндік берді.
Алматы, NEGE. Қаланың инфраструктурасы кенже қалған аудандарындағы елді мекендердің түйткілі көп. Мәселен, Алатау ауданының тұрғыны Қарлығаш Серікқызы көшені жарықтандыру мәселесін жеткізді.
Бұл сауалға қала әкімі Сағынтаев: «Былтыр қаланы модернизациялау үшін қаржы есебінен 300-ден аса көшеге жарық қондырғысы орнатылды. Соның ішінде Алатау, Наурызбай, Жетісу ауданының көшелері бар. Әкім болып келген соң, бүкіл қаланы араладым. Сол кезде 1 мың көшеге жарық керек деп есептесек, қазір 2 мыңнан асып кетті. 2020 жылдың соңына дейін Алматының барлық көшесіне жарқырап тұрады», – деді әкім.