Алматы: Карантин күшейтіле ме?
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 15 желтоқсаннан бастап карантинді күшейту туралы хабарламаға пікір білдірді.
Алматы, NEGE. «Барлығы азаматтардың эпидемиологиялық ережелерді сақтауына байланысты. Егер маска режимі мен қашық сақталмаса, эпидемиологиялық жағдай нашарласа, онда біз шараларды қатаңдатуға мәжбүр боламыз. Бірақ 15-14 желтоқсанда карантин қатаңдатылады деген әңгіме болған жоқ. Бұл біздің бірлескен жұмысымызға – билік пен халыққа байланысты. Иә, шаршадық, бірақ шараларды сақтау керек», – деді Бекшин.