Алматы қаласының сегіз ауданының аумағында жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі

2023 жылғы 27 сәуір мен 14 мамыр аралығында Алматы қаласының сегіз ауданының аумағында жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізілетін болады.

Алматы, NEGE. Магистральдық және тарату құбырларын тексеру кезінде – күн сайын таңғы 4-тен 7-ге дейін – қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарына сақтық шараларын сақтауға кеңес береміз.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, штаттан тыс жағдайлар жоққа шығарылмайды: судың жол бетіне шығуы, жол жамылғысының ішінара бұзылуы, т.б. Мұндай жағдайларда ешқандай дербес әрекет жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіп, ол туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-на 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталыққа мына 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014) телефондар арқылы, сондай-ақ 109 хабарлаңыз.

Сілтеме бойынша кіріп, жылу желілерін сынау кестесі мен орындарын көруге болады.