Алматы қаласының орталығында орналасқан заңсыз сауда павильондары бұзылады

Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының ақпараты бойынша, Достық даңғылы 170/1 мекенжайы бойынша учаскедегі сауда нысандары заңсыз салынған. Осы сауда павильондарын бұзу туралы шешімді сот 2023 жылдың 2 мамырында шығарды және сот шешімін орындау үшін дүңгіршектерді бұзу жұмыстары басталды.

Алматы, NEGE. Сол учаскеде орналасқан ғимаратты бұзу бойынша сот процестері де аяқталды. Бұған дейін басқарма меншік иесіне қатысты 2022 жылғы 28 қазанда Медеу аудандық сотына талап арыз берген болатын.

2023 жылдың 9 маусымында сот шешімімен нысанды бұзу талабы қанағаттандырылды. 29 тамызда Алматы қалалық сотының қаулысымен Медеу аудандық сотының шешімі өзгеріссіз қалды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді