18 сентября 2020 г. 19:39

«Алматы қаласының құрметті азаматы» атағы берілді

Фото:

Он адамға «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Алматы, NEGE. Алматы қаласы күні қарсаңында мәслихаттың LXVII сессиясында келесі азаматтарға «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді:

Нина Әмірқызы Каюпова – Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының дәрігері, профессоры, бас ғылыми қызметкері

Шамша Көпбайқызы Беркімбаева – қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым экс-министрі

Роза Қуанышқызы Рымбаева – эстрада әншісі, киноактриса, педагог-профессор

Досхан Қалиұлы Жолжақсынов – театр және кино актері

Болат Жәмитұлы Өтемұратов – мемлекет және қоғам қайраткері

Тілеуберді Кеңесбайұлы Қуандықов – А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының анестезиология және реаниматология бөлімінің меңгерушісі

Қабдеш Жұмаділ – Қазақстанның халық жазушысы

Рахман Алшанұы Алшанов – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы

Тұрарбек Мәжілұлы Асанов – мемлекет және қоғам қайраткері

Ахан Құсайынұлы Бижанов – Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Тегтер: