Алматы қаласының атауын өзгертуге петиция жинап жатыр
Бірқатар қазақстандықтар Алматы қаласының атауын Алма-Ата деп өзгертуге қол жинауда, деп хабарлайды newtimes сайты.
Алматы. NEGE. «Біз екі миллион тұрғыны бар шаһар құлаққа жағымды әрі баршаға ұғынықты атауды иеленгенін қалаймыз. Бұл тұрғыда Алма-Ата атауы ең дұрыс нұсқа деп есептейміз. Сондай-ақ «ты» жалғауы қазақ тіліне жат. Бұл бізге жоңғардан енгенін ғалымдар да мойындауда. Ал «Алма-Ата» сөзі орысшаға аударғанға да ыңғайлы. Сондықтан қаланың жаңа әкімінен шаһардың атауы өзгертуді шақырамыз», - делінген петицияда.
Қазіргі таңда петицияға қол қоюшылар саны 100 адамнан асып кеткен.