Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің басшысы ұсталды

Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты.

Алматы, NEGE. "Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталды. Ол өзінің қызметтік міндеттерін орындамады, әуежайды күзетсіз қалдырды. Осылайша, әуежайды басып алуға жол берді. Салдарынан әуежайға айтарлықтай зиян келтірілді. Оның инфрақұрылымы бұзылды, кәсіпкерлердің мүлкі ұрланды, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді", - деді ол ОКҚ-дағы брифингте. 

Қазір оқып жатыр

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Қазақстандық екі клуб Еуропада үздік ондыққа енді