Алматы қалалық сотының судьясы қайтыс болды
Алматы қалалық сотының судьясы Тұрсын Нәбиев кенеттен қайтыс болды.
Алматы, NEGE. Бұл мәліметті қалалық соттың баспасөз қызметі растады.
"Кеше, 12 мамырда 62 Алматы қалалық сотының судьясы Тұрсын Ясынұлы Нәбиев 62 жасында өмірден озды. Алматы қалалық сотының басшылығы, сот әкімшілері, Судьялар одағының Алматы филиалы және жалпы Алматы соттарының судьялар корпусы атынан отбасына, туыстарына және барлық жақынына көңіл айтамын. Үлкен қайғы мен ауыр сынақ. Спортты белсенді сүйетін, жарқын және мейірімді адам болды"- деп жазды Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын Facebook желісіндегі парақшасында.
Сондай-ақ, қалалық соттың баспасөз қызметі бүгін Алматы қалалық сотының дезинфекциялық жұмыстарды жүргізу үшін жабылғанын айтты.