«Алматы қалалық ПД басшылығына Таймерденов келуі мүмкін»

Бүгін Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев қызметінен босап, Алматы облыстық Полиция департаменті бастығы болып тағайындалғаны белгілі болды.

Алматы, NEGE. Алматы облысы ПД басшысы, генерал-майор С.Күдебаевты Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың өзі таныстырды. Таныстыру ресми түрде қажет демесеңіз, жалпы Күдебаевты таныстырудың қажеті жоқ. Өйткені ол облыстық департаментті бұрын да басқарған.

Ең қызық сұрақ мынау: Алматы қалалық полиция департаментіне кім басшы болады? Ішкі істер саласындағы ақпарат көзінің мәлімдеуінше, Алматы қалалық ПД-ге басшы болып полковник Қанат Таймерденов тағайындалуы мүмкін. Ол бұған дейін Маңғыстау облыстық Полиция департаментін басқарған.

Дәл қазір Алматы қалалық Полиция департаментінде министрдің қатысуымен жиын өтіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті