Алматы: Бір тәулікте 5 мыңнан астам адам вакцина салдырды

Алматы қаласында бір тәулікте 5 396 адам коронавирус вакцинасын салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

 

Алматы, NEGE. «16 тамыз күні 5 396 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің II компонентін салдырғандар саны - 5 273. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 16 тамызы аралығында қалада барлығы 817 196 адам вакцина алды. Вакцина салғандардың ішінде 108 398 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 екпе пункті жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 екпе бригадасы бар.

Сонымен қатар, 40 көшпелі бригада ұйымдастырылған.

«Қазір медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Депутат Қазақстанда тағы бір тілді ресми тіл ретінде тануды ұсынды

Брокер орташа табысы бар отбасыларға тиімді үш ипотекалық бағдарламаны атады

Полиция полковнигі Данияр Мейірхан сталкинг бойынша күдікке ілінген