Алматы базарларынан ақша жинаған шенеунік ұсталды

Алматыдағы азық-түлік базарларының әкімшілері мен директорларынан ақша жинаған шенеунік ұсталды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлім етті.

Оның атап өтуінше, агенттіктің Алматы қалалық департаменті «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алматы қаласы бойынша Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік аумақтық инспекция комитеті» ММ Карантиндік, өсімдіктерді қорғау және фито-санитарлық бақылау бекеттерін мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Ол жүйелі негізде кәсіпкерлік субъектілерінен – Алматы қаласының азық-түлік базарларының әкімшілері мен директорларынан әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны және фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырмағаны үшін 10 мыңнан 60 мың теңгеге дейін пара алған. ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес жоғарыда аталған бөлім басшысы ұсталып, Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша оқшаулағышына қамалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

Астанада үй алдындағы аулада екі жасар баланы көлік қағып кетті

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті

Тоқаев: Цифрлық теңгені кеңінен қолдану «ойын ережесін» өзгертеді