Алматы әуежайында заңсыз жолмен жеткізілген iPhone 15 смартфондары тәркіленді

Дубай-Алматы рейсін кедендік бақылау кезінде декларацияланбаған 34 дана iPhone 15 телефоны табылды, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Алматы, NEGE. Телефондардың кедендік құны – 25,3 млн теңгені, келтірілген шығын көлемі – 3,1 млн теңге болды.

Заң бұзған азаматқа 103,5 мың теңге сомасында айыппұл салынады.

«Тәркіленген тауарлар кедендік рәсімдеуден өту және рұқсат құжаттарын жасату үшін уақытша сақтау қоймасына жіберілді» –деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды