Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр

Алматы әуежайында ұшып-қону жолақтарының бірін жөндеуге байланысты рейстер кешігіп жатыр.

Алматы, NEGE. Алматы әуежайының баспасөз қызметінің мәліметінше, бір жолақ уақытша жабық. Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Екіншісі жұмыс істеп тұр. Жолақтардың бірінің зақымдануына байланысты рейстер уақыты өзгеруде. Өзі екі жолақ бар», - деп хабарлады Алматы әуежайының баспасөз қызметінен.

«Алматы - Нұр-Сұлтан, Алматы - Қостанай, Алматы - Батуми рейстері кешігіп жатыр. Уақыт 1-1,5 сағатқа шегерілді. Рейстер тоқтамайды», - деп атап өтті әуежайдан.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты