Алматы әуежайын түріктер сатып алды

Түркиялық TAV Airports Holding холдингі Алматы әуежайы акциясының жүз пайызын 415 миллион долларға сатып алды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE.TAV Airports холдингінің консорциумдағы үлесі 75 пайыздан кем болмаған. Алда құжаттардың барлығы заңдық тұрғыдан реттелген соң барлық акцияны табыс ету жүзеге аспақ. Алматы әуежайы TAV Airports Holding портфолесінде 15-ші болып тұр. Қазақстан географиялық жағынан да, экономикалық жағынан да ірі ел. Алматы – ішкі жалпы өнімнің 20 пайызы тұтынылатын үлкен қала. Одан басқа «заманауи Жібек жолының», яғни, Қытай, Еуропа, Африканы байланыстырып тұрған ірі орталық. Оның әлеуеті зор. Біз өзіміздің білімімізге сүйеніп, іс-әрекеттерді жүзеге асыратын боламыз», - дейді холдингтің президенті және абс директоры Сани Шенер.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?