Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады

Алматы әуежайында шлагбаумдар ауыстырылып жатыр, кіреберістердің бір бөлігі жабық.

Алматы, NEGE. Осыған байланысты әуежай өкілдері жолаушылардан рейске алдын ала келуді сұрады. Жөндеу жұмыстарын қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған. «Жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – деді Алматы халықаралық әуежайы өкілдері.

Бұған дейін әуежайда жаңа халықаралық терминалдың құрылысы басталғаны хабарланған болатын. Ол VIP-терминал орнында болады. Жөндеу жұмыстары кезінде VIP-терминал ғимараты әуежайдың оңтүстік-батыс бөлігіне көшіріледі. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2022 жылдың мамырына жоспарланған.

Айта кетейік, 2021 жылдың сәуірінде Алматы әуежайы TAV Airports түрік компаниясының меншігіне өтті. Бас директоры болып Мете Еркал тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында терроризм туралы жалған хабарламалар тартқан екі оқушы ұсталды

Көкшетауда жалғызбасты ана жол апатынан қаза тапты: күдіктінің жүргізуші куәлігі болмаған

Шымкентте екі колледжде 1,3 млрд теңге жымқыру ісі: күдіктінің Дубайдағы пәтері бұғатталды

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты