Алматы әуежайы техникалық тұрғыда ашылуға дайын

Алматы халықаралық әуежайы техникалық жағынан ашылуға дайын.

Алматы, NEGE. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі мәлім етті. «Алматы әуежайы қаладағы жағдай тұрақтанғаннан кейін қайта қызмет көрсете бастайды. Жалпы, әуе айлағы техникалық жағынан ашылуға дайын», - деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Алматы халықаралық әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жұмыс істемей тұр. Бұған дейін террористерге қарсы арнайы операция барысында Алматы әуежайы босатылғаны хабарланған. Сонымен қатар, 19 қаңтарға дейін тоқтатылған рейстер билеттерін айыппұлсыз қайтаруға болады.