Алматы әуежайы мен теміржол вокзалдарында бақылау күшейтіледі
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполистің аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшинмен және қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаевпен бірге Алматы халықаралық әуежайы мен қала вокзалдарының аумағындағы санитарлық эпидемиологиялық қызметтердің жұмысын тексерді.