16 декабря 2019 г. 12:00

Алматы атауын өзгерту кімге керек?

Фото:

Алматы атауын Алма-Атаға өзгерту дауы қайта басталған сияқты. Әсіресе, ақын Олжас Сүлейменов бұл мәселені қайта-қайта көтеруден танған емес. Неге? 

Алматы, NEGE. Осыған орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі Ерлан Қарин Алматы атауын өзгертуге қатысты бастамаға пікір білдірді. «Олжас Сүлейменов оңтүстік астананың атын өзгерту керектігін баяғыдан айтып келеді. Алайда, оның Президентпен кездесу барысында бұл мәселені қайта көтеруі – Мемлекет басшысының бұл бастаманы қолдайтынын білдірмейді. Президент Алматыны дамытудың маңызды мәселелеріне назар аудару керек деп есептейді. Ол туралы Президент осы жылдың 29 қазанында қала активімен кездесу кезінде айтқан еді.

Мемлекет басшысы мұндай мәселелер кабинетте ғана емес, қала тұрғындарының басым көпшілігінің ұстанымы азаматтардың ойын біліп барып шешілуі керек деп есептейді», – деп жазды Ерлан Қарин Telegram парақшасында.

Айта кетсек, бұған дейін бірқатар БАҚ-та Олжас Сүлейменовтің Президентпен кездескені, кездесуде «Алматының атауын Алма-Ата деп өзгерту бастамасын Президент қолдады» деген сыңайда ақпарат тараған болатын.

Айта кетейік, биыл тамыздың соңында Беларусьте Қазақстан елшісі болған Ермұхамет Ертісбаев Алматыны бұрынғы Алма-Ата деп қайта өзгерту ұсынысын білдірген еді. 

 

Тегтер: