Алматы алдағы күндері жаңбырлы болады

Синоптиктер 5-7 наурыз күндеріне арналған Алматының ауа райы болжамын ұсынды. Қалада екі күн жаңбыр жауады.

Алматы, NEGE. 5 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 1... 3°С, күндіз 13... 15°С.

6 наурыз – көшпелі бұлтты, жаңбырлы күн. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 5... 7°С, күндіз 11... 13°С.

7 наурыз – көшпелі бұлт шығады, кейде жаңбыр жауады. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 3... 5°С, күндіз 8... 10°С.