Алматы әкімінің жаңа кеңесшісі тағайындалды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Ернар Құрмашевті кеңесші қызметіне тағайындады.

Алматы, NEGE.  Ақпаратты Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Ернар Құрмашев Алматы қаласы әкімінің штаттағы креативті экономика жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.

Ернар Құрмашев 1984 жылы 18 желтоқсанда дүниеге келген. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-ды бітіріп, New York Film Academy-де тағылымдамадан өткен. "Kazakhstan Computer Graphics" ЖШС басшысы, Astana Film Fund кинокомпаниясының директоры, "Almaty Film Festival" Халықаралық кинофестивалінің бас продюсері болып жұмыс істеді. "Томирис", "Анаға апарар жол", "Каникулы off-line", "Районы", "Бизнесмены" сияқты бірқатар қазақстандық фильмнің продюсері болған.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті