Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев орнынан кетті
Алматы әкімнің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев қызметінен кетті.
Алматы, NEGE. Ол бір жылдан астам уақыт әкімнің орынбасары болып жұмыс істегенін Facebook парақшасында жазды және сол аралықта өзімен бірге жұмыс істегендердің барлығына алғысын білдірді.
«Мен нағыз кәсіпқой адамдармен және өз салаларының білгір мамандарымен қатарласа жұмыс істедім. Бірақ, ерекше алғысымды Алматы қаласының тұрғындарына білдіргім келеді. Алматылықтардың ерекшелігі - олар қаланың мәселелері мен міндеттеріне бей-жай қарамайды. Әр түрлі әлеуметтік мәселелерде ерекше азаматтық жауапкершілік пен белсенділік көрсеткендеріңіз үшін рахмет. Менің инвестициялар мен кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы тәжірибем, қазіргі таңда уақытымды арнауға ниеттеніп отырған бизнес саласында өзімді шыңдауға көмектеседі деп ойлаймын», - деп жазды Сапарбек Тұяқбаев.