Алматы әкімі қаңтар оқиғасында қаза тапқандарға құран бағыштап, құрбан шалды
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алматының орталық мешітінде құран бағыштап, құрбан шалды.
Алматы, NEGE. Мешітке әкіммен бірге келгендердің қатарында ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Оразалин, «Тұран» университетінің ректоры, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Рахман Алшанов, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбеков, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының төрағасы Ақан Бижанов, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Мереке Құлкенов, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ақберен Елгезек, спортшы Ардақ Назаров және басқалары бар.