1 сентября 2022 г. 15:48

Алматы әкімдігін қалпына келтіру үшін қанша қаражат жұмсалатыны белгілі болды

Фото:

Алматы құрылыс басқармасының брифингі барысында қаңтарда өртенген ғимаратты қалпына келтіру туралы сауал қойылды. 

Алматы, NEGE. "Қалпына келтіру жұмыстарын екі кезеңге бөлдік. Үш павильон бойынша бірінші кезектегі жобалық-сметалық құжаттар дайындалды. Құрылыстың жалпы құны 13 миллиард теңге шамасында. Ең үлкен төртінші павильонды қалпына келтіру бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр, жобаны қыркүйектің соңында аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Бағдарлы құны, шамамен, 4 миллиард теңге. Осылайша ғимаратты қалпына келтіруге 17 миллиард теңгеге дейін жұмсалуы мүмкін", – деді Алматы қаласыл құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Оңалбаев. 

Оның сөзінше, ғимараттың қасбетін бұрынғы қалпында сақтап қалмақшы. Ғимараттың сырты түпнұсқаға ұқсас материалдармен қапталады. 

Тегтер: