Алматы әкімдігі қызметкерлерінің ұсталғаны туралы ақпаратқа жауап берді

Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталуы туралы әлеуметтік желілерде баяндалған ақпарат шындыққа жанаспайды»,- делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.

Сонымен қатар, басқарма өкілдері жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде және ақпарат агенттіктерінің сайттарында Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.