Алматы әкімдігі әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын тұрақтандырмақ
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова мәлімдеді. Сондай-ақ, брифингке "Алматы ӘКК" басқарма төрағасы Асқар Білісбеков қатысты.