Алматы – аллергиктер қаласы...

Алматыда аллергиктердің саны күннен-күнге артып барады. Мамандардың айтуынша, мұның бірнеше себебі бар. Tengrinews.kz порталының ресми сауалына тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті жауап беріпті.

Алматы, NEGE. Деректерге сүйенсек, 2019 жылдың сегіз айында Алматыда аллергиялық дертке шалдыққан 21 958 адам тіркеліпті. Ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 40 198 болған. Алматы қалалық бас санитарлық дәрігер Айзат Молдақасымованың сөзіне қарағанда, 2019 жылдың қорытындысы арғы жылдан көп болады.

«Ең көп кездесетіні – терінің аллергиялық дерті (9987). Одан кейін тыныс жолдарының ауруы (4850). Аллергиялық крапивница – 2075» дейді А.Молдақасымова.

Алматының аллергиктер қаласына айналуының бірнеше себебі бар. Мәселен, ауаның ластануы, тұрмыстық химия тауарлары, балалар ойыншықтары, тағы да басқалар.

Қазір оқып жатыр

Алатау өзін-өзі қамтамасыз еткенге дейін қала бюджетінен қаражат алынбайды

Депутат әкімшілік амнистияны «екі ұшты таяқ» деп бағалады

Алатау қаласы туралы заң жобасын әзірлеуде Қытай, Корея және Дубай тәжірбиесі ескерілген

Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады