Алматы зообағында Прагадан жеткізілген ақ аю өліп қалды

Алматы зообағына екі ай бұрын Прагадан жеткізілген Том атты ақ аю өлді.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Бұл туралы Прага зообағының директоры Мирослав Бобек өзінің Facebook парақшасында жазды.

Ол ақ аю 4 мамырда өлгенін, бірақ Алматы зообағы бұл жөнінде оларға 22 мамырда ғана хабар бергенін атап өтті.

«Қазір Алматы хайуанаттар бағындағы жағдай біздікіне қарағанда жақсы, Томның көбеюіне жағдай жасалуы керек еді. Том бізден 28 наурызда ешқандай ауру белгілерінсіз кетті. Біздің білуімізше, Алматыға еш қиындықсыз жеткізілді. Кейін Алматыдан суреттер мен жазбаша есептерді алдық. Ең соңғысы 15 сәуірде «аюдың жағдайы жақсы» деп нақты айтылған», - деп атап өтті ол.

Мирослав Бобек кейіннен Алматы зообағынан ешқандай хабар келмей қалғандықтан, Қазақстанға қызметкерлерін жөнелтуді жөн көргендерін жеткізді.

«Бірақ 22 мамырда Алматы зообағы Томның өлгенін айтты. Олар бұл хабарды неге 18 күн бойы жасырғанын түсінбеймін. Томның өлімі бойынша ашық тергеуді талап етеміз және шағымды Зообақтар мен аквариумдардың еуропалық ассоциациясы Чехияның Қазақстандағы елшілігіне және Қазақстанның Чехиядағы елшілігіне жібереміз», - деп жазды ол.

Ал, әлеуметтік желілерде Чехияның көптеген тұрғыны Алматы зообағына наразылықтарын білдіріп, жан-жақты тексеруді талап етіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты