«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша қосымша іріктеу болады

«Алматы жастары» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қосымша іріктеу кезеңі өтеді.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Іріктеудің бұл кезеңі биыл 29 шілдеден 7 тамызға дейін негізгі конкурстық кезеңде өтінім берген, бірақ құжаттарды дұрыс толтырмау немесе дұрыс тапсырмау себебінен оң шешім алмаған азаматтарға ғана арналады.

Өтінім жіберушілер туралы ақпаратты almaty-zhastary2024.kz сайтының басты бетінде - «Қайта өңдеуге жіберілген азаматтар тізімі» бөлімінен көруге болады. Құжаттарға түзетулер мен жаңартулар енгізу кезеңі 2024 жылғы 23-31 желтоқсан аралығына белгіленген.

Қосымша түсініктемелер мен консультациялар алу үшін азаматтар Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының 7 (727) 225 14 57 көпарналы телефоны арқылы жүгіне алады.

Еске салайық, бұған дейін «Алматы жастарына» өтінім берген 2 мыңға жуық жас баспаналы болды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр