Алматы тұрғынынан заңсыз сақталған қару тәркіленді

Алматы тұрғынынан заңсыз сақталған қару тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы аясында жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде атыс қаруын заңсыз сақтады деген күдікпен ер адамды ұстады.

Тұрғылықты жері бойынша тінту барысында полицейлер сыртқы бейнесі атыс қаруына ұқсас затты тауып, тәркіледі. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аңшы мылтығы сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.

 «Біз қаруды заңсыз ұстау деректерін дәйекті түрде анықтап, жолын кесіп келеміз. Мұндай жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі, себебі алдын алу шаралары қылмыстың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді», – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты