Алматы тұрғынынан тіркелмеген қару анықталды

Алматы қаласында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қала тұрғынынан тіркелмеген ойық ұңғылы қаруды тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері тіркелмеген қарудың болуы мүмкін екендігі туралы ақпарат алды.

Тексеру нәтижесінде бұл дерек расталып, қару тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы республика көлемінде жүргізілуде. Оның мақсаты – заңсыз сақталған қаруды тәркілеу, құқық бұзушылықтардың алдын алу және мүмкін болатын қайғылы жағдайлардың жолын кесу. Алматы полициясы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтарды қорғау бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда, – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.

Қазір оқып жатыр

Егеуқұйрық уы анықталды делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін

«Шетелдіктер қарумен ұсталды»: полиция депутаттың мәлімдемесін теріске шығарды