Алматы тұрғынынан «тыңшылық» құрылғы тәркіленді

Алматыда тағы бір «тыңшылық» құрылғы тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Жуырда Алматы қаласының Алмалы ауданында құқық қорғау органдары арнайы рейд барысында күдік тудырған 35 жастағы ер адамды ұстады. Ол Әйтиев көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында рұқсат етілмеген дыбыс жазу функциясы бар USB-флэшканы сатып, заңсыз құрылғыны әлеуетті клиентке өткізбек болған.

«Бұл әрекет заңға қайшы және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 399-бабымен қарастырылған құқық бұзушылыққа жатады. Осы дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы ақпаратты жасырын алу үшін арнайы техникалық құралдарды заңсыз өндіру, дайындау, алу, өткізу немесе пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады», – деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Анес Қалдыбаев.

Тергеу мүддесіне сәйкес ҚР ҚК-нің 201-бабына сай өзге ақпарат жарияланбайды. 

Қазір оқып жатыр

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ