Алматы тұрғынына әуежайдағы тұрақ үшін 130 мың теңгеге шот келген

Қала тұрғыны Threads желісіне банк қосымшасына келген төлем туралы ескертпенің скринін жариялап, көпшіліктен кеңес сұрады.

facebook.com/alaportofficial

Астана, NEGE. 5 ақпанда әйел әуежайдағы автотұраққа кірген. Ал шыққан кезде шлагбаум ашық тұрған. Біраз уақыт өткен соң ол 130 мың теңге көлемінде шот (әйелдің айтуынша, айыппұл) келгенін байқайды.

Әуежайдың баспасөз қызметі ешқандай айыппұл салынбағанын хабарлады. Олардың айтуынша, бұл сома автотұрақтың автоматты жүйесі арқылы есептелген. Кейіннен оның күшін жойып, тұрақ сессиясы жабылған.

Баспасөз қызметі қазіргі уақытта әуежайда қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатқанын, бұл жүйенің жұмысына уақытша әсер етіп жатқанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін

«Шетелдіктер қарумен ұсталды»: полиция депутаттың мәлімдемесін теріске шығарды

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді