Алматы тұрғыны 6 келіге жуық алтын құймасын денесіне жабыстырып, «Қорғас» арқылы алып өтпек болған

Жетісулық прокурорлардың хабарлауынша, ер адам жалпы салмағы 5 келі 764 грамм болатын алтын құймасын «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы» кеден бекеті арқылы заңсыз өткізбек болған.

magnific.com

Астана, NEGE. Кеден және шекара бақылауынан жасыру үшін ол алтын құймаларын жабысқақ таспамен денесіне жабыстырған.

Кедендік тексеру барысында контрабандалық тауар әшкереленіп, оны уәкілетті орган қызметкерлері тәркіледі.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының экономикалық контрабандаға оқталғанын толық дәлелдеді. Панфилов аудандық сотының үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, алтын мемлекет кірісіне алынды.