Алматы тұрғындарын сан соқтырған алаяқ ұсталды

Алматылықтардың 48 млн теңгесін алаяқтық жолмен қолды еткен Түркістан облысының тұрғыны ұсталды, деп жазды Kazinform.

aqmeshit-aptalygy.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 37 жастағы ер адам төмендетілген бағамен баспана алу қызметін ұсынған.

«Күдіктінің алдын ала төлем сомасы «қызметіне» байланысты өзгеріп отырған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 48 миллион теңге. Қазір тергеушілер ұсталған азаматтың осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Қылмыстық іс аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша тергеліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Полиция өкілі күдікті осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын сотты болғанын атап өтті.

«ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады», - деп түйіндеді Олжас Шәріпов.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды