Алматы тұрғындары мен қонақтары Наурызды қалай тойлап жатыр?

Алматыда Наурыз мейрамының негізгі шаралары басталды. Бүгін қала көшелеріне "Көш. Наурыз-думан" мерекелік керуені шықты, деп хабарлады Sputnik.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Мерекелік керуен Абай даңғылымен Достық даңғылынан басталды. Қазақ батырлары, бүркітшілер мен ақындар бастап келе жатқан шеру Абылай хан даңғылына бұрылып, Астана алаңына дейін жүріп өтеді. Мерекелік керуенге 1000-ға жуық адам қосылды.

Керуеннің басында доңғалағы бар киіз үй, ал жан-жағында жібек мата тиелген түйелер, әртістер мен аңшылар жүріп келеді. Өзге ұлт өкілдерінің ұжымдары да бар. Алтын адамның киімін киген әртістерді де байқауға болады.

Бүгін Алматыда Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерттер бірнеше жерде өтеді. 

Сондай-ақ 21-22 наурызда Астана алаңында сағат 19:00-ден 22:00-ге дейін танымал әртістердің қатысуымен концерттер өтеді. Ал Арбатта (Панфилов-Жібек жолы көшесі) Наурыз мейрамына арналған ойын-сауық-танымдық бағдарламалар ұйымдастырылады.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған