Алматы тауларында жарақат алған альпинист құтқарылды

Бүгін таңертең Алматы қаласы Медеу ауданында, теңіз деңгейінен 3630 метр биіктікте орналасқан Мыңжылқы шыңында ТЖМ құтқарушылары зардап шеккен альпинисті эвакуациялады.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. 23-ші әмбебап құтқару бөлімшесіне альпинизм нұсқаушысынан 59 жастағы ер адам аяғын жарақаттап алғаны және биік таулы жерлерден өздігінен жүре алмай жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына шұғыл көмек көрсету үшін құтқарушылар экипажы, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының реанимобилі жедел түрде жіберілді.

Құтқарушылар қысқа мерзім ішінде Мыңжылқы шыңына жетіп, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны қауіпсіз эвакуациялауды ұйымдастырды.

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды