Алматы тауларында үнді студенттері құтқарылды
ТЖМ құтқарушылары Үндістанның екі азаматын эвакуациялады.
Алматы, NEGE. Алматы қаласы Бостандық ауданында теңіз деңгейінен 3336 метр биіктікте ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары құтқару операциясын жүргізді.
Құтқарушылар тауға шығып, өздігінен түсе алмаған, 2001 және 2003 жылғы Үндістанның екі азаматына көмекке келді. ҚР РЖҚЖ құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, азаматтарды таудан түсіріп, қалаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
— Біз шетелдік студенттерміз. Біз Алматы шыңына бардық, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты уақытында қайта алмадық. Біз қатты суықтан тоңып қалдық. Алайда, қазақстандық құтқарушылардың арқасында біз құтқарылдық. ТЖМ қызметкерлері бізді қатты жел мен суықтан құтқарды, — деді студенттер.