Алматы тауларында қар көшкінінен турист қаза тапты

Бүгін таңертең Медеу ауданының Титов асуында 3400 метр биіктікте екі турист қар көшкінінің астында қалып қойды, деп хабарлайды ТЖМ.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, олардың біреуі қар құрсауынан өздігінен шыққан.

«Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД 23-әмбебап құтқару бөлімшесінің құтқарушылары, «Барыс» РММ қызметкерлері, кинологиялық жасақ пен еріктілер дереу жіберілді. Іздестіру-құтқару операциясы барысында ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды», – делінген хабарламада. 

Құтқарушылар қар көшкінінің астында қаза тапқан адамның денесін шығарды.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқару қызметінің психологтары жұмыс істеп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді