Алматы тауларында қар көшкіні қаупі ескертілді

Алматы облысының құтқарушылары 1-2 қаңтар күндері таулы аймақтарда қар көшкіні жүру қаупі бар екенін мәлімдеді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Алматы, NEGE.
 «Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкіні болуы мүмкін қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы аймақтарда барлық қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұрайды»,  — делінген ведомствоның хабарламасында.

Облыс бойынша көшкін қаупі жоғары 55 аймақ тіркелген. Олар негізінен Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарындағы Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейлерінде орналасқан.

Мамандардың айтуынша, қар көшкінінің негізгі себептері ауа температурасының көтерілуі және қар мен жаңбыр түріндегі мол жауын-шашынның түсуі болып отыр.

Құтқарушылар тауға шыққысы келетін азаматтарды барынша сақ болуға шақырып, табиғаттың қолайсыз жағдайларына бейімделген алдын алу шараларын қолдануды ұсынады. 

Сондай-ақ, бұдан бұрын 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жазған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесі түбегейлі өзгереді

Науқастарға тегін берілуі тиіс дәрілер сатылымға шығарылған

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді

Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды