Алматы студенттері үшін жаңа жатақхана ашылды

Алматыда жеке инвестициялардың есебінен салынған 103 төсек-орындық заманауи жатақхана ашылды.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Мұнда студенттерге жайлы бөлмелер, ас бөлмесі, оқуға және демалуға барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, интернетпен (wi-fi) қамтамасыз етілген коворкинг аймағы да қарастырылған.

«Жатақхана керемет! Бөлмелері кең әрі жарық, қажеттінің бәрі бар. Асхана да өте ыңғайлы, тағамдары дәмді. Wifi жылдамдығы да тамаша, сабақ оқуға өте ыңғайлы», - деді жатақхана тұрғыны Ербол Балтабаев.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының мәліметінше, оқу жылы басталғанға дейін Алматыда 1920 орындық 6 жатақхана ашылды, ал жыл соңына дейін Алматы қаласы әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен 3105 орындық 4 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

2024 жылы жалпы 5025 орындық 10 нысанды, 2025-2026 жылдары 34 295 орындық 33 нысанды пайдалануға беру көзделген. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді