Алматы полициясы жастарға арналған іс-шара өткізді

Алматы полициясы жастарға арнап “Еркін қозғалыс” науқанын өткізді, – деп хабарлады Polisia.kz.

polisia.kz

Алматы, NEGE. Алматы полиция департаменті қала әкімдігімен, шерингтік компаниялармен және мотоцикл мектебімен бірлесіп Абай алаңында “Еркін қозғалыс” науқанын өткізді. Шара жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелеріне қоғамның назарын аударуға бағытталған.

– Науқанның мақсаты – пайдаланушыларды электросамокаттарды, мотоциклдерді және мопедтерді дұрыс және қауіпсіз жүргізуге үйрету, сондай-ақ оларды пайдалану ережелерін түсіндіру. Іс-шараға белгілі әртістер мен эстрада жұлдыздары тартылды, олар өздерінің шығармашылықтары арқылы жол қозғалысына қатысушыларды ЖҚЕ-ні қатаң сақтауға шақырды. Өйткені бұл – олардың қауіпсіздігінің кепілі, – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

 Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара бағдарламасында қызықты сұрақ-жауаптар, ойындар мен флешмоб болды.


Қазір оқып жатыр

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады

«Алимент қайда кетіп жатыр?»: Балаға төленетін ақшаға бақылау күшейеді