Алматы полициясы жарылыс жасау туралы жазба қалдырған жігітті ұстады

Алматы полициясы әлеуметтік желіде жарылыс жасау туралы жазба қалдырған ер адамды ұстады.

Алматы қалалық ПД

Астана, NEGE. Белгісіз ер адамның пікірі діни бірлестіктердің қызметіне қатысты жазбаның астына қалдырылған. 

Бұл дерек бойынша «102» пультіне хабарлама келіп түскеннен кейін, Алматы қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы жазба авторын ұстады.

Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде пікір авторының жеке басы анықталды. Ол 2004 жылы туған, Алматы қаласының тұрғыны. Ер адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді, – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Департаменттің мәліметінше, интернетте жазылғанына қарамастан, кез келген қорқыту фактісі полиция тарапынан қоғамдық қауіпсіздікке нақты қауіп ретінде қаралады. Сондай-ақ полиция мұндай «әзілдердің» салдары ауыр болатынын ескертеді.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды