Алматы полициясы заңсыз жүрген шетелдіктерді іздестіріп жатыр

Алматы полициясы заңсыз жүрген шетелдіктерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Алматыда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау және шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзу деректерін анықтау мақсатында “Келімсек” жалпы республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Іс-шара 11-15 наурыз аралағында өткізіледі.

– Сонымен қатар бұл іс-шара еліміздегі шетелдіктердің құқықтық жағдайын реттеуге бағытталған. Жедел іс-шараның бірінші күнінің қорытындысы бойынша қалада барлығы 80 көші-қон заңнамасын бұзушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдік азаматтардың жаппай болатын жерлері ерекше бақылауда, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр