Алматы полициясы қоғамдық орында бетін тұмшалап жүргендерге ескерту жасады

Алматы полициясы әлеуметтік желілерде қоғамдық орында бетін тұмшалап алып жүрген әйелдердің бейнежазбасы таралғанын хабарлады.

Алматы полиция департаменті

Астана, NEGE. Тексеру кезінде бұл бейнероликтің коммерциялық мақсатта қойылым түрінде түсірілгені белгілі болған.

«Жекелеген қатысушылардың әрекеттерінен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қоғамдық орындарда тұлғаны тануға кедергі келтіретін киім элементтерін киюге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталды», – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кінәлі тұлғаларға ескерту түріндегі жаза қолданылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Алматы полициясы қоғамдық орындарда заң талаптарын сақтау міндетті екенін еске салады.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында жаңа «Алатау» арнайы экономикалық аймағы құрылады

Қазақстанда діни сұрақтарға Imam AI жауап бермек

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды

Атырау облысында өлтірілген отбасы ісі: қылмыс қашан және қалай жасалғаны айтылды